Екібастұз тарихи – өлкетану музейімен ұлттық валюта күніне орай №7 гимназия - мектебінің 7- сынып оқушыларының қатысуымен «Теңге – Тәуелсіздік нышаны» атты музейлік сабақ өткізілді. Іс – шара барысында оқушыларға ұлттық валюта тарихы жайлы мәлімет берілді, оқушылар музей қорында сақталған Қазақстан Республикасының алғашқы теңгелерін қарап қызығушылық танытты.




