Ақсу тарихи-өлкетану музейінде көлемі үлкен болмаса да, өте қызықты көрме өтіп жатыр. Көрме Қазақстанның ұлттық валютасы — теңгенің тарихына арналған. Экспозицияда тәуелсіз Қазақстанның алғашқы банкноттары, сирек кездесетін монеталар, әр жылдары шыққан ақшалар, сондай-ақ кеңес дәуірі мен басқа елдердің валюталары қойылған. Дизайн, түстер мен символиканың қалай өзгергенін көру — нағыз тірі тарих, оны қарап шығу өзі бір қызық. Мұндай көрмелер әр бір купюраның өз тарихы, ал мемлекеттің өз жолы мен дамуы бар екенін еске салады.




