Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ИнЕУ студенттері үшін «Археологияның құпиялары мен сырлары» тақырыбында қызықты өлкетану сабағын өткізді. Іс-шара барысында студенттер археологтардың заманауи технологиялар арқылы ежелгі құпияларды қалай ашатыны туралы білді. Ең жаңа ақпараттық технологиялар мен жабдықтарды, атап айтқанда, археологиялық нысандарды зерттеуге және картаға түсіруге көмектесетін дрондарды пайдалануға ерекше назар аударылды.


