- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Қазақ балалар ақыны, журналист, өлкетанушы Мүбарак Жаманбалиновтың 100 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бір бәйтерегі» тақырыбында Абай атындағы ЖОББМ – де поэзия кеші өтті. Шараға аталған мектептің 6 – сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында ақынның өмір тарихынан мағлұмат берілді. Балалар ақынның «Ай мен күн», «Түйе бойына сеніп, Жыл басынан құр қалды» ертегілерін тамашалады. Сонымен қатар, оқушылар ақынның бірқатар өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып берді. Шара соңында кітапхана қорынан шағын кітап көрмесін ташалады.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Екібастұз қаласының құрметті азаматы Жұмағали Қоғабайдың 75 жылдығына арналған «Жаңбырлы күн» бенефисі өткізілді. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9 сынып оқушылары таңғажайып ақынмен кездесті. Ақын өз шығармаларын таныстырып, өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Жұмағали Бижанұлының өлеңдерін тыңдап, көптеген сұрақтар қойылды. Кеш қызықты, танымдық, ашық және шабытты өтті.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ақсу тарихи-өлкетану музейде Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, Қазақ КСР Халық суретшісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, кескіндемеші Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына орай «Танымал қылқалам шебері Нағымбек Нұрмұхаммедов» атты шығармашылық портрет өткізілді. Нағымбек Нұрмұхаммедов сурет салумен ғана айналыспады, Қазақстанның бейнелеу өнері жөнінде кітаптар мен альбомдар шығарды. Іс-шарада оқушылар суретшінің шығармашылық жұмыстары мен еңбектері туралы ақпараттармен танысты. Сонымен қатар Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушылары «Адай» күйін орындады.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Бүгін «Ertis» музейінде Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының суретшілері мен қолөнершілерінің көрме-жәрменкесі ашылды. Көрме-жәрмеңкенің негізгі мақсаты он саусағынан өнер тамған, бесаспап шеберлерді, олардың қолынан шыққан бұйымдарды және қылқалам шеберлерінің туындыларын көпшілікке таныстыру, осы арқылы ұлттық дәстүрлі бейнелеу және қолөнерімізді, салт-дәстүрімізді насихаттау, дәстүрлі бейнелеумен қолөнерді дамыту мен жандандыруды ұрпақ санасына сіңіру. Көрме-жәрменкеде Маңғыстаудың брендіне айналған туындыларды, заманауи үлгідегі ұлттық киімдерді тамашалап қана қоймай, сатып алуға да болады.
Көрме «Ертіс» музейінде, Есенәлиев 2 үй 31 қазан 1 қараша күндері аралығында сағат 11.00-18.00 дейін жүмыс істейді.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде тарих пәнінің мұғалімдері мен мектеп музейінің басшыларына арналған «Туған өлке-тұнған тарих қазынам» атты музейлік семинар өтті. Семинарда өзекті мәселелер, музейдің мектептермен ынтымақтастық перспективалары талқыланды, сондай-ақ музей жобалары ұсынылды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
«Ertis» музейінде Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге арналған «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара тарихшыларды, оқытушылар мен колледж студенттерін біріктірді. Кездесудің басты қонақтары тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М. А. Сулейменов, Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-кураторы С. К. Тайлакова, Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледждің білім магистрі Мужикбаева Б. К. және Торайғыров университетінің студенті Аяпбекова А. Ж. болды.
Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, ел тарихының маңызды аспектілерін талқылады, бұл жанды және мүдделі пікір алмасу атмосферасын құрды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музеіңде мектеп және колледж оқушылары үшін республика күніне арналған бірқатар іс-шаралар өтті. Оқушылар осы маңызды мерекенің маңыздылығын біліп, тарих пен мәдениет атмосферасына енді. Қызықты фактілер, интерактивті тапсырмалар балаларға республикамыздың қалай қалыптасқанын және осы жолда қандай оқиғалар маңызды болғанын жақсы түсінуге көмектесті. Республика күні өткенге ғана емес, болашаққа да құрмет.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Республика күніне орай Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде төтенше жағдай басқарманың қызметкерлері, Павлодар облысы МКҚБ 2-полиция батальоның жеке құрамы, №26 мектеп-гимназиясының 9 «ә» сынып оқушылары мен музей мамандарының қатысуымен «Бейбіт елдің көк байрағы» дөңгелек үстел өткізілді. «Тәуелсіздік символы: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Адал қызмет ел алдындағы міндет», «Адал қызметтін кедергілері: коррупция, манипуляция және әлеуметтік факторлар», «Республика күні: өрт сөндірушілердің ерлігі мен еңбегі», «Ұлттық бірлік: Республика күнінің маңызы» тақырыптағы баяндамалар талқыланды. Сонымен қатар қос буын арасында пікір алмасып, сұрақ-жауап бөлімімен жалғасып, оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Дөңгелек үстел «Атамекен» әнімен аяқталды. Бейбітшілік, ынтымақ және ұлттық құндылықтарды насихаттау – біздің басты мақсатымыз!