Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында, ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері Майқайың теміржол станциясы маңындағы Ақбидайық шатқалында орналасқан археологиялық ескерткіш (жартастағы суреттер) аумағында сенбілік жұмыстарын жүргізді: қоқыс жиналып, үй жануарларының кіруіне қарсы қоршаулар қалпына келтірілді, ақпараттық тақталар жаңартылды. Бұл ескерткіштер шамамен 5–7 мың жылдықты құрайды. Аталған акция Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026 04 24 at 15.55.31 WhatsApp Image 2026 04 24 at 15.55.31 1 WhatsApp Image 2026 04 24 at 15.55.31 2