- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ұлы зерттеушісі, этнограф, шығыстанушы және қоғам қайраткері Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 190 жыл толуына орай Ямышев орта білім беру мектебінде оқушыларға арналған танымдық дәріс өтті. Іс-шара барысында оқушылар Потаниннің өмірі мен ғылыми қызметі, Орталық Азия, Сібір мен Қытайға жасаған экспедициялары, география мен этнография саласына қосқан үлесі, сондай-ақ Шығыс халықтарының мәдени мұрасын сақтау жолындағы еңбегі туралы мәлімет алды.Дәріс барысында оның сібірлік тамыры мен XIX ғасырдағы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына қосқан рөліне ерекше назар аударылды.Оқушылар дәрісті қызығушылықпен тыңдап, талқылауға белсенді қатысты..Бұл дәріс оқушылардың отансүйгіштік және өлкетану бағытындағы тәрбиесіне үлкен үлес қосты.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Атақты жерлесіміз Г.Н. Потаниннің 190 жылдығы аясында тарихи-өлкетану музейде “Г.Н. Потанин - Азия зерттеушісі, саяхатшы, ғалым, этнограф” атты көрменің ашылуы мен дөнгелек үстел өтті. Іс шараға ғалымдар, зерттеушілер, музей ардагерлері, мектеп мұғалімдері, зиялы қауым өкілдері қатысты.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2025 жылдың қазан айында қазақ халқының біртуар әншісі-композиторы, кәсіби сахна өнеріндегі тұңғыш қазақ әйелдерінің бірі — Майра Уәлиқызы Шамсутдинованың туғанына 135 жыл толуына орай тағылымды дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Аталған мәдени шара қазақтың ән өнеріне өшпес із қалдырған Майра Шамсутдинованың өмір жолы мен шығармашылығына арналмақ. Ол – ұлттық музыка өнерінің дамуына зор үлес қосқан, ерекше дауыс иесі, өз дәуірінің дара тұлғасы ретінде тарихта қалған қайраткер.
Дөңгелек үстел барысында:
Майра Шамсутдинованың шығармашылық мұрасы мен өнердегі орны сараланады;
Қазіргі қоғамдағы рухани жаңғыру аясында оның өнерін кеңінен насихаттау жолдары талқыланады;
Жас буынға ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері қарастырылады.
Бұл бастама – жастарды рухани тәрбилеуге, мәдени мұраға құрметпен қарауға және ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған маңызды іс-шара болып табылады.
Өтетін күні: 10 қазан, 2025 жыл.
Өтетін орны: Павлодар қаласы, Астана к-сі, 149. Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі.
Өткізу уақыты: 15.00 сағ.

- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2025 жылдың 10 қазан күні сағат 15.00-де Ақсу тарихи-өлкетану музейінде Ғалым, саяхатшы, географ, этнограф Г.Н. Потанинның 190 жылдығына орай «Ұлы өмірдің беттері» дөңгелек үстелі өткізіледі. іс-шарада қазақстанның тарихы мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан әйгілі орыс саяхатшысы, этнограф, фольклорист және публицист Григорий Николаевич Потанин туралы ақпарат беріледі.
Ол қазақ халқының шынайы жақсы көрген тұлғасы болып табылады. Ертістің табиғатынан ерекше әсер алған және әкесінің саяхаттары туралы естеліктерін ой елегінен өткізгеннен кейін Григорий туған жері мен басқа да мемлекеттер мен халықтар туралы зерттеулер жүргізуге ынта-ықыласы ояна бастады. Жасынан ол қазақ тілін жетік меңгерген. Өзінің барлық ғұмырында Потанин өзінің туған жері туралы аз мақала жазған жоқ. Ол қазақтардың мәдениеті мен тұрмысы, қазақ-орыс қатынастары, Ертіс өңіріндегі казак тұрғындары туралы жан-жақты суреттеді. 1862 жылы алғашқы рет Жайық даласына ғылыми экспедицияға аттанады. Келесі жылы Зайсандағы экспедицияға қатысады. Көкпектіде, Марқакөлде болған ол тек өлкенің тұрмысын, шаруашылығын және географиясын ғана зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар кептірілген өсімдіктер топтамасын жинады. Григорий Потаниннің бар ынта-ықыласымен тыңғылықты жұмыс жасауының нәтижесінде, жергілікті халықтың тұрмыс салты, мақал-мәтелдері, жұмбақтары мен әндері, ертегілері айқындалды. Г.Н. Потанин қоныс аударушы орыстар мен жергілікті қазақтардың арасындағы өзара түсіністік жайлы айтып кеткен.

- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ақсу тарихи-өлкетану музейінде "Жаяу Мұса - асқақ әннің жыршысы" атты дәріс өтті. Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы қазақ мектебінің 7 сынып оушылары қатысып көрнекті ақын, композитор, әнші Жаяу Мұса Байжанұлының шығармаларымен, ақынның өмір баянымен таныса отырып, әндерін тыңдап, сұрақтарына жауап алды. Әншінің 70-ке жуық өлеңдері мен әндері таныстырылды.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Потанин Григорий Николаевич (1835-1920) – ғалым, қоғамдық қайраткер жиһангер, фолклоршы, түркі, моңғол халықтары тарихын, салт-санасын, мәдениетін зерттеуші, жазушы.
2025 жылдың 9 қазанында сағат 14.00.-де Г.Н. Потанинның 190 жылдығына орай «Г.Н. Потанин - Азия зерттеушісі, саяхатшы, ғалым, этнограф» атты дөнгелек үстел және көрме өткізіледі.
Дөнгелек үстелдің жұмысына Томск мемлекет университетінің, Торайғыров университетінің ғалымдары, тарихшылар, өлкетанушылар, музей қызметкерлері қатысады.
Өткізу орны: Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі (Астана к-сі, 149).

- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ақсу тарихи-өлкетану музейі «Ардагерге тағзым» атты еске алу кеші өтті. Ұлы Отан соғысының қаһармандарын еске алып, Зоя Космодемьянская, 28 панфиловшы және жерлесіміз Иван Илларионович Кривенко туралы әңгіме өрбіді. Майданнан жазылған жүрек тебірентер хаттар оқылды, оқушылар Жеңіс символдарына арналған викторинаға қатысты, ал соңында біз бір минут үнсіздікпен батырлардың рухына тағзым еттік. Осындай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын сақтап, жастарға бейбітшіліктің бағасын және халқымыздың болашағы үшін жасаған ерлігін еске салады.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Екібастұз тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері мектеп оқушыларына "Аль Фараби - Аристотель шығармалары түсініктемелерінің авторы" тарихи сабақ өткізді Біз Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Наср әл-Фарабиді еске аламыз. Ол Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» деп аталды. Әл-Фараби көне мұраны сақтауға және дамытуға көмектескен Аристотель шығармаларына терең түсініктемелер жазған. Ол Шығыс пен Батыстың даналығын ұштастырып, артына 21 ғасырда өзекті болып қалатын мол мұра қалдырды.




