«Мен сені музейге апарамын» жобасы «Мен сені музейге апарамын» жобасы аясында Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері мектеп жазғы лагерьлеріне «Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткіші бойынша жаяу экскурсия өткізді. Балалар Павлодар-Ертіс өңірінің бірегей табиғи-тарихи ескерткішімен танысып, бұл жерден миллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген ежелгі жануарлардың сүйек қалдықтары табылғанын білді. Экскурсия қатысушылар үшін туған өлкенің ежелгі тарихына жасалған шағын саяхат болды.


