«Ұлы күйшілер мұрасы» этнографиялық сағаты Шарбақты тарихи - өлкетану музейде гимназиялық сыныптары бар ЖОББМ-нің мектеп ішіндегі лагерінің оқушылары үшін «Ұлы күйшілер мұрасы» этнографиялық сағаты өткізілді. Домбыра-біздің халқымыздың ғасырлар бойғы ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл сипаттауға қабілетті бағалы қазына. Домбыра - бұл жай ғана музыкалық аспап емес, ол қазақ халқының жаны, тарих пен дәстүр мен ұрпақ жадының сақтаушысы. Мереке 2018 жылы бекітіліп, елдің мәдени мұрасын сақтаудың символына айналды. Музыка мектебінің оқушысы Жұмажан Мейірлан Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбрауын» күйін күйін орындады.


