- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Шарбақты тарихи-өлкетану музейінде «Даналық пен тәжірибе» шақырылған ұстаздық сала ардагерлерімен кездесу өтті. Әр түлектің, әрбір оқушының артында қажырлы еңбек, шыдамдылық, қамқорлық, жауапкершілік жылдар тұр.
Дөңгелек үстелге Шарбақты ауданында өмірінің көп жылдарын білім саласына арнаған азаматтар жиналды. Әртүрлі уақытта олар тек ұстаз ғана емес, білім беру саласының жетекшілері мен тәлімгерлері ретінде де қызмет етті.
Шақырылған қонақтар өздері оқытып, өсірген ұрпақтар туралы, отбасылық дәстүрлер, кәсіби өмірлері туралы айтып, олардың барлығын бір ғана нәрсе біріктірді: өз мамандығына деген сүйіспеншілік пен өз ісіне берілгендік.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Қазақстан Республикасы күні және сүйікті қаламыздың 65 жылдығына орай Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайының кіреберісінде «Менің туған жерім» атты фотокөрменің ашылуы өтті.
Туған өлкенің көркем келбетін, табиғатының сұлулығын, қаламыздың тыныс-тіршілігі мен ерекше сәттерін бейнелеген бұл көрме көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады. Аталған көрмеге 12 фотограф қатысып, өздерінің үздік туындыларын көпшілік назарына ұсынды.
Әрбір фотосуретте туған жерге деген ыстық ықылас, шынайы сезім мен авторлардың өзіндік көзқарасы көрініс тапты.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде өлкетанушы, Екібастұздың Құрметті азаматы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген шахтері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Иван Петрович Федотовтың туғанына 105 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті.
Иван Петрович Федотовтың өмірі Екібастұздың тарихымен және дамуымен тығыз байланысты. Ол Екібастұз тас көмір кен орнының дамуына зор үлес қосты.
Оның өмірінде өлкетану ерекше орын алды. Ол болашақ ұрпаққа құнды материал қалдыра отырып, адамдар, оқиғалар мен еңбек жетістіктері туралы мәліметтерді ұқыпты жинап, сақтап, болашақ ұрпақ үшін құнды материал қалдырды. Оның есімі туған қаланың тарихымен және көмір өнеркәсібінің дамуымен мәңгілікке байланысты.
Еске алу кешке Иван Петровичті білетін туыстары мен жақындары, әріптестері, достары және Иван Петровичті танитын адамдар, академик Қ. Сәтбаев атындағы инженерлі техникалық институт колледж студенттері мен №33 мектеп оқушылары жиналды. Жылы әрі шынайы атмосферада оның өмір жолы, кәсіби қызметі, адами қасиеттері және туған өлкеге деген үлкен сүйіспеншілігі туралы естеліктер айтылды. Кешке Достық үйінің «Братство» этномәдени бірлестігінің «Славяночка» хорының орындауындағы әндер қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады және еске алу мен құрмет атмосферасын сыйлады.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде 8-сынып оқушыларына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков және қазақ халқының этнографиялық қазынасы» атты этнографиялық дәріс өтті.
Дәріс барысында оқушылар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қызметі, қазақ халқының ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрлері мен рухани мұрасын жаңғыртуға қосқан үлесі туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шараға оқушылар белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің маманы Франк Дмитрий Артурович Астана қаласындағы «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында өткен «Музей – білім беру кеңістігі: қызметтің инновациялық бағыттары» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарда Қазақстан музейлерінің басшылары, директорлары мен мектеп педагогтары алдында баяндама жасады.
Семинар музей мамандары мен педагогтерді біріктіріп, идеялар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Қатысушылар музей қызметіне инновациялық тәсілдерді енгізу және музейлер мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Қазанғап би Сатыбалдыұлының туғанына 255 жыл толуына орай Абай атындағы орта мектебінде 6-сынып оқушыларына арналған «Қазанғап би Сатыбалдыұлы. Еліне адал қызмет еткен тұлға» атты өлкетану сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – туған өлкенің тарихында өзіндік із қалдырған Қазанғап би Сатыбалдыұлының өмірі мен қоғамдық қызметі туралы мағлұмат беру, оқушылардың туған тарихына деген қызығушылығын арттыру.
Өлкетану сағаты барысында оқушылар тарихи тұлға туралы суреттер мен деректер арқылы оның өмірбаяны және ел игілігі жолындағы қызметімен танысты. Сұрақ-жауап кезеңіне белсене қатысып, білімдерін толықтырды. Сондай-ақ, «Егер мен ел ағасы болсам, туған жерім үшін...» деген сөйлемді әр оқушы өз ойымен жалғастырып, туған жерінің дамуына қосар үлесі туралы пікірлерімен бөлісті.
Тағылымды шара оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға және туған жердің көрнекті тұлғаларын құрметтеуге ықпал етті.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде өмірлік құндылықтарға, саналы таңдау жасауға және тәуелділіктің алдын алуға арналған «Таңдау өз қолыңда» интерактивті көрмесі ашылды. Көрменің ашылу барысында іс-шара қонақтарына «Рекавери» және «Луч» оңалту орталықтарының мамандары сөз сөйлеп, тәуелділік мәселесі, оның салдары және дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы ақпарат берді. Іс-шараның соңында қатысушылар «Мен үшін нені сақтау шынымен маңызды?» деген сұраққа жауап беріп, өз ойларын көрме қабырғасына жазып қалдырған интерактивті бөлім өтті.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Г.Н. Потанин тындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде өлкетанушы, Павлодар қаласының құрметті азаматтары Э.Д. Соколкиннің 90 жыл, М.К. Гапонның 100 жыл, Б.М. Хазыровтың 100 жыл толуына орай «Өлкетану және тарихи жады: ұрпаққа аманат» атты дөнгелек үстел өтті. Дөнгелек үстел жұмысына ғалымдар, өлкетанушылар, музей қызметкерлері қатысты.


