Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Ақсу тарихи-өлкетану музейіде «Родники» поэзия сүйерлер клубы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Клуб 2014 жылдың мамыр айында славян орталығының төрайымы В. Солдаткинаның бастамасымен құрылған. Қазіргі уақытта клуб құрамында 17 өзіндік ерекшелігі бар ақындар бар. Бұл шығармашылық бірлестік – жасы, кәсібі, қызығушылықтары мен әуестіктері әртүрлі адамдарды біріктіреді. Мерекеге Павлодар қаласынан қаламдастар мен поэзия сүйер қауым шақырылды. Шара барысында өлеңдер оқылып, «Родные напевы» халық хорының орындауында әндер шырқалды. Мерейтойға нағыз достар жиналды, ал бұл дегеніміз – поэзия, өнер, ән мен би біздің жүрегімізде мәңгі өмір сүріп келеді деген сөз. Олар уақытқа бағынбайды, жылдар мен оқиғаларға тәуелсіз, себебі олар бар, болған және бола береді.

PB020606PB020671PB020708