Ғылыми-әдістемелік кеңесінің көшпелі отырысы. Шарбақты ы тарихи-өлкетану музейінің базасында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-әдістемелік кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Отырыс барысында музей қызметкерлерінің жылдық жоспарға сәйкес бекітілген ғылыми-зерттеу тақырыптары қаралып, сәтті қорғалды.
Атап айтқанда, келесі жұмыстар ұсынылды:
* «Баспасөз беттеріндегі тарих: аудандық газетке – 95 жыл» тақырыбындағы дәріс (жауапты – Смакова Д.К.);
«Естен кетпейміз, мақтан тұтамыз!» каталогының II бөлімі (жауапты – Хабдуллина Г.Ж.);
* «Туған өлкенің өсімдіктер әлемі» каталогы (жауапты – Жандельденова Б.С.).
Отырыс қорытындысы бойынша ұсынылған барлық тақырыптар жоғары бағаланып, сәтті қорғалды.


