Ақсу тарихи-өлкетану музейінде «Отбасылық қазыналар сандығы» атты квест-ойын өтті. Ойынға №7 мектептің 6-сынып оқушылары қатысты. Балалар қызықты тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді, жұмбақтарды шешіп, топпен жұмыс жасады. Іс-шара көңілді, белсенді әрі танымды өтті! Ең бастысы — отбасы, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар туралы әңгімелестік. Балаларға белсенді қатысқандары және көтеріңкі көңіл-күйлері үшін алғысымызды білдіреміз!


