Қазақстан халқының Тілдері күніне орай, 4 қыркүйекте «Ертіс» музейінде «Бір елдің үні» атты қызықты викторина ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға қазақ тілінің, халқымыздың тарихы, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын сақтаудағы маңызы туралы айтылды. Жасөспірімдерге ана тілін білу — тек білім емес, өз халқыңның өткенін тану, мәдениетін құрметтеу және болашаққа жауапкершілікпен қарау екені түсіндірілді. Ана тілін меңгеру жас ұрпаққа өз ойын еркін жеткізуге, білімін жетілдіруге, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға және қоғаммен белсенді араласуға мүмкіндік береді.


