Щербақты тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстандағы Азамат соғысы» тақырыбында музейлік сабақ өтті.
Сабаққа гимназиялық сыныпбары бар № 1 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар 1918–1920 жылдардағы оқиғалармен, «қызылдар» мен «ақтардың» күресімен, сондай-ақ Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин, Балтабай Баратбаев сияқты батырлардың ерлігімен танысты. Сабақ барысында музей қорындағы түпнұсқа жәдігерлер — құжаттар, фотосуреттер мен сол заманның тұрмыстық бұйымдары көрсетілді. Мұндай сабақтар жас ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, бейбітшіліктің қадірін ұғынуға мүмкіндік береді.
«Қазақстандағы Азамат соғысы» музейлік сабақ
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина