2025 жылдың қазан айында қазақ халқының біртуар әншісі-композиторы, кәсіби сахна өнеріндегі тұңғыш қазақ әйелдерінің бірі — Майра Уәлиқызы Шамсутдинованың туғанына 135 жыл толуына орай тағылымды дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Аталған мәдени шара қазақтың ән өнеріне өшпес із қалдырған Майра Шамсутдинованың өмір жолы мен шығармашылығына арналмақ. Ол – ұлттық музыка өнерінің дамуына зор үлес қосқан, ерекше дауыс иесі, өз дәуірінің дара тұлғасы ретінде тарихта қалған қайраткер.
Дөңгелек үстел барысында:
Майра Шамсутдинованың шығармашылық мұрасы мен өнердегі орны сараланады;
Қазіргі қоғамдағы рухани жаңғыру аясында оның өнерін кеңінен насихаттау жолдары талқыланады;
Жас буынға ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері қарастырылады.
Бұл бастама – жастарды рухани тәрбилеуге, мәдени мұраға құрметпен қарауға және ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған маңызды іс-шара болып табылады.
Өтетін күні: 10 қазан, 2025 жыл.
Өтетін орны: Павлодар қаласы, Астана к-сі, 149. Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі.
Өткізу уақыты: 15.00 сағ.


