Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

2025 жылдың 10 қазан күні сағат 15.00-де Ақсу тарихи-өлкетану музейінде Ғалым, саяхатшы, географ, этнограф Г.Н. Потанинның 190 жылдығына орай «Ұлы өмірдің беттері» дөңгелек үстелі өткізіледі.  іс-шарада қазақстанның тарихы мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан әйгілі орыс саяхатшысы, этнограф, фольклорист және публицист Григорий Николаевич Потанин туралы ақпарат беріледі.

Ол қазақ халқының шынайы жақсы көрген тұлғасы болып табылады. Ертістің табиғатынан ерекше әсер алған және әкесінің саяхаттары туралы естеліктерін ой елегінен өткізгеннен кейін Григорий туған жері мен басқа да мемлекеттер мен халықтар туралы зерттеулер жүргізуге ынта-ықыласы ояна бастады. Жасынан ол қазақ тілін жетік меңгерген. Өзінің барлық ғұмырында Потанин өзінің туған жері туралы аз мақала жазған жоқ. Ол қазақтардың мәдениеті мен тұрмысы, қазақ-орыс қатынастары, Ертіс өңіріндегі казак тұрғындары туралы жан-жақты суреттеді. 1862 жылы алғашқы рет Жайық даласына ғылыми экспедицияға аттанады. Келесі жылы Зайсандағы экспедицияға қатысады. Көкпектіде, Марқакөлде болған ол тек өлкенің тұрмысын, шаруашылығын және географиясын ғана зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар кептірілген өсімдіктер топтамасын жинады. Григорий Потаниннің бар ынта-ықыласымен тыңғылықты жұмыс жасауының нәтижесінде, жергілікті халықтың тұрмыс салты, мақал-мәтелдері, жұмбақтары мен әндері, ертегілері айқындалды. Г.Н. Потанин қоныс аударушы орыстар мен жергілікті қазақтардың арасындағы өзара түсіністік жайлы айтып кеткен.  

WhatsApp Image 2025 10 07 at 13.55.02