«Қазақстан динозаврлары» көрмесі Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде палеосуретші Ильшат Исхаковтың «Қазақстан динозаврлары» атты көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шараға музей қонақтары, оқушылар, студенттер және қала тұрғындары қатысты. Көрме барысында келушілер миллиондаған жылдар бұрын Қазақстан аумағында тіршілік еткен ежелгі жануарлар әлемімен танысты. Экспозицияда автордың 50-ден астам туындысы, палеонтологиялық реконструкциялар, сондай-ақ ғылыми деректер негізінде полимерлі саз бен металдан жасалған бірегей мүсіншелер ұсынылды.
Көрме Астана көшесі, 149 мекенжайында орналасқан 2 маусым мен 30 маусым аралығында жұмыс істейді.


