«Мәдениет және инновация» республикалық форум 19-21 мамыр аралығында Астана қаласында «Мәдениет және инновация» атты ауқымды республикалық форум өтті. Форумға Екібастұз тарихи-өлкетану музейінің маманы Бейсембаева Т.К. қатысып, мәдениет саласындағы жаңа тәжірибелермен танысты. Форумның бағдарламасы мәдениет саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған алаңға айналды. Пленарлық сессиялар, салалық блоктар, білім беру форматтары, практикалық қарқындылық пен жобаларды қорғау бір бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Секциялық отырыстарда «Түркі әлемі музейлері: ортақ мұра, интеграция және бірлескен жобалар» және «Мәдени мұраны басқару: сақтау және жаңғырту» тақырыптары жан-жақты талқыланды.


