«Конституция-2026» деректі фильм «Ertis» музейінде Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжінің студенттеріне арналған «Конституция-2026» деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаларымен, азаматтардың құқықтары мен міндеттерімен және заңның қоғам өміріндегі маңызымен танысты. Фильмде құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік және ел болашағына деген құрмет тақырыптары кеңінен қамтылды.
Көрсетілім танымдық әрі мазмұнды атмосферада өтіп, қатысушылар арасында пікір алмасуға мүмкіндік берді.


