Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде өрнекті ойымен, кестелі тілімен танылған, сөз қармағын іле білген,   талантты сурып салма ақын Зейнілғарап Бастемиқызы Естаеваның 100 жылдығына «Бір сөзі от, бір сөзі оқ сөзге мерген» атты еске алу кеші ұйымдастырылды.

Шарада ақынның жеке заттарынан көрме, ақын жайындағы бейнетаспа ұсынылды, ұрпақтары өлеңдерін оқып ел назарына. Естай атындағы музыка мектебінің тәлімгерлері М.Құмарбек, А.Тавлетова Ақан серінің «Құлагер», Майраның «Толқыма» әндерін шыркады. Әулеттің жиен туысы С. А. Занов шынайы ұлттық өнер, халықтық шығарма тек қана тума таланттың еңбегімен ғана келетінін айтып   Естайдың «Құсни Қорлан» әнін орындады.

WhatsApp Image 2025 04 19 at 12.57.03WhatsApp Image 2025 04 19 at 12.57.36WhatsApp Image 2025 04 19 at 12.57.24


«Ertis» музейінде Батыс Қазақстан музейінің қорынан «Ақ Жайық өңірінің ұлы өркениеттері» атты жылжымалы көрме ашылды. Экспозиция Ақ Жайық аймағының бай тарихымен - ежелгі археологиялық олжалардан бастап көшпелі мәдениет заттарына дейін таныстырады. Көрмеде бірегей экспонаттар ұсынылған: алтын және күміс зергерлік бұйымдар, қорғандар артефактілері, әйгілі Таксай ханшайымының қазба жұмыстары кезінде табылған құнды экспонаттар және т.б. Көрме 19 сәуірге дейін жұмыс істейді. Барлықтарыңызды көрмені тамашалауға шақырамыз!

WhatsApp Image 2025 04 18 at 10.23.06WhatsApp Image 2025 04 18 at 10.22.50WhatsApp Image 2025 04 18 at 10.22.18


Шарбақты тарихи-өлкетану музейде бөлімшесінде ҰОС қатысушысы Шакаманов Бектемірге арналған "Мәңгілік жүрекке сақтаймыз" атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Шакаманов Бектемирдің балалары, № 2 НОШ 8А сынып оқушылары, еңбек ардагерлері қатысты. Шакаманов Бектемірдің балалары оның жауынгерлік жолы мен марапаттары туралы айтып берді, әке әрқашан барлық балалардың жоғары білім алуына және жақсы адам болуына ықпал етті. Б.П. Паванов, Г.С. Теміржанова, К. Айтқұлова және А.С. Смаилова естеліктерімен бөлісті. Көрме мен кездесуді ұйымдастыруда Шакаманова Қуантай Шайкенқызына ерекше алғысымды білдіргім келеді, ол Шакаманов Бектемирді еске алуға мүмкіндік алды. Ол оның құрметіне өлең арнады, бейнефильм жасады, газеттер мен брошюралар шығарды.

выступление Куантай Шайкеновнывыступление сына ЕсенгельдыГости


Әскери Даңқ музейде Кеңес Одағының Батыры Василий Тимофеевич Христенконың 100 жылдығына орай « Солдат Победы» атты ерлік сабағы өтті. Ол жас кезінен қайсарлығымен, адамгершілігімен, туған жеріне деген сарқылмас адалдығымен ерекшеленді. Еңбек, абырой, жауапкершілік жоғары бағаланған отбасында өскені оның жеке дүниетанымының қалыптасуына берік негіз болды. 3 дәрежелі толық кавалерді өмір жолы – жас ұрпақ үшін нағыз тәрбие. Шараға Қарулы Күштер ардагерлері бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының төрағасы Ж.Қ.Қаратаев, №7 және №9 орта мектептерінің оқушылары қатысты.

WhatsApp Image 2025 04 15 at 10.03.15WhatsApp Image 2025 04 15 at 10.03.14

«Мағрипа Жылқыбаева – қазақтың атын әлемге танытқан ұлы ғалым» атты танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында студенттер физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Мағрипа Шөжеғұлқызы Жылқыбаеваның өмір жолы мен ғылыми еңбектерімен терең танысты. Оның физика, археология және мәдениет саласына қосқан баға жетпес үлесі зор қызығушылық пен мақтаныш тудырды. Спикерлер мен жүргізушілер өз баяндамаларында ғалымның көпжылдық еңбегі мен ашқан жаңалықтарына ерекше назар аударды. Осындай тұлғалар арқылы ұлттың ғылымы мен мәдениеті дамиды.

WhatsApp Image 2025 04 15 at 09.54.15WhatsApp Image 2025 04 15 at 09.55.00WhatsApp Image 2025 04 15 at 09.54.40


Екібастұз тарихиөлкетану музейінде тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Ш. Уәлихановтың 190 жылдығына №11 мектептің 6 сынып оқушылардың қатысуымен «Шоқан мұрасы – дәуір шежіресі» атты тарихи сабақ ұйымдастырылды. Шоқанның қазақ мәдениеті мен тарихына қосқан үлесі зор, әрі қазақ қоғамы үшін құнды жинақталған материалдары терең мағынаға ие. Қатысушылар назарына Шоқан Уалихановтың өмірі мен құнды еңбектері туралы мәліметтер ұсынылды. Тарихи сабақта жастардың ұлттық тарихымызға, мәдениетімізге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Экспонаттың этнографиялық сипаты» атты этнографиялық ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында балалар тек білімдерін ғана емес, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін де көрсетіп, қазақ халқының мәдени мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

WhatsApp Image 2025 04 10 at 16.46.56 1WhatsApp Image 2025 04 10 at 16.46.56WhatsApp Image 2025 04 10 at 16.46.55


ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, академик, жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай Ақсу қара металлургия колледжінің студенттеріне «Қазақ әдебиетінің классигі» тақырыбында дәріс өткізілді. Іс-шара аясында студенттерге жазушының өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы айтылып, слайдтар мен «Ботагө» фильмі көрсетілді. Сондай-ақ олар С. Мұқановтың «Жазғы таң» және «Мәдени майдан» өлеңдерімен танысты.

671


Ақсу тарихи-өлкетану музейінде аралығында құстар күніне арналған «Біздің қанатты достарымыз» атты суреттер көрмесі өтті. Көрмеге музей қорынан құстардың суреттері мен макеттері қойылды. Келушілер көрмені тамашалап, құстар туралы мағлұматтар алды.

IMG 20250401 142804IMG 20250401 142744IMG 20250406 133130