«Ertis» музейінде Батыс Қазақстан музейінің қорынан «Ақ Жайық өңірінің ұлы өркениеттері» атты жылжымалы көрме ашылды. Экспозиция Ақ Жайық аймағының бай тарихымен - ежелгі археологиялық олжалардан бастап көшпелі мәдениет заттарына дейін таныстырады. Көрмеде бірегей экспонаттар ұсынылған: алтын және күміс зергерлік бұйымдар, қорғандар артефактілері, әйгілі Таксай ханшайымының қазба жұмыстары кезінде табылған құнды экспонаттар және т.б. Көрме 19 сәуірге дейін жұмыс істейді. Барлықтарыңызды көрмені тамашалауға шақырамыз!




