Екібастұз тарихиөлкетану музейінде тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Ш. Уәлихановтың 190 жылдығына №11 мектептің 6 сынып оқушылардың қатысуымен «Шоқан мұрасы – дәуір шежіресі» атты тарихи сабақ ұйымдастырылды. Шоқанның қазақ мәдениеті мен тарихына қосқан үлесі зор, әрі қазақ қоғамы үшін құнды жинақталған материалдары терең мағынаға ие. Қатысушылар назарына Шоқан Уалихановтың өмірі мен құнды еңбектері туралы мәліметтер ұсынылды. Тарихи сабақта жастардың ұлттық тарихымызға, мәдениетімізге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Экспонаттың этнографиялық сипаты» атты этнографиялық ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында балалар тек білімдерін ғана емес, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін де көрсетіп, қазақ халқының мәдени мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
«Шоқан мұрасы – дәуір шежіресі» тарихи сабақ
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина