Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде өрнекті ойымен, кестелі тілімен танылған, сөз қармағын іле білген, талантты сурып салма ақын Зейнілғарап Бастемиқызы Естаеваның 100 жылдығына «Бір сөзі от, бір сөзі оқ сөзге мерген» атты еске алу кеші ұйымдастырылды.
Шарада ақынның жеке заттарынан көрме, ақын жайындағы бейнетаспа ұсынылды, ұрпақтары өлеңдерін оқып ел назарына. Естай атындағы музыка мектебінің тәлімгерлері М.Құмарбек, А.Тавлетова Ақан серінің «Құлагер», Майраның «Толқыма» әндерін шыркады. Әулеттің жиен туысы С. А. Занов шынайы ұлттық өнер, халықтық шығарма тек қана тума таланттың еңбегімен ғана келетінін айтып Естайдың «Құсни Қорлан» әнін орындады.