ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, академик, жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай Ақсу қара металлургия колледжінің студенттеріне «Қазақ әдебиетінің классигі» тақырыбында дәріс өткізілді. Іс-шара аясында студенттерге жазушының өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы айтылып, слайдтар мен «Ботагө» фильмі көрсетілді. Сондай-ақ олар С. Мұқановтың «Жазғы таң» және «Мәдени майдан» өлеңдерімен танысты.
«Қазақ әдебиетінің классигі» дәрісі
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина