«Мағрипа Жылқыбаева – қазақтың атын әлемге танытқан ұлы ғалым» атты танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында студенттер физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Мағрипа Шөжеғұлқызы Жылқыбаеваның өмір жолы мен ғылыми еңбектерімен терең танысты. Оның физика, археология және мәдениет саласына қосқан баға жетпес үлесі зор қызығушылық пен мақтаныш тудырды. Спикерлер мен жүргізушілер өз баяндамаларында ғалымның көпжылдық еңбегі мен ашқан жаңалықтарына ерекше назар аударды. Осындай тұлғалар арқылы ұлттың ғылымы мен мәдениеті дамиды.
«Мағрипа Жылқыбаева – қазақтың атын әлемге танытқан ұлы ғалым» танымдық сағат
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина