Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Адамның алғашқы ғарышқа ұшуы ХХ ғасырдың басты оқиғасы болды. 1961 жылы 12 сәуір күні Ю.А. Гагарин ғарышқа бірінші болып ұшып, адамзатқа ғаламның шалқар кеңістігін ашты. Бұл ұшу өзінің ұзақтығына қарамастан, ең алғашқы болды және адамның ғарышта өмір сүріп, жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Ғарышкер деген жаңа мамандық пайда болды. Елімізде жыл сайын 12 сәуір Ғарышкерлер күнін атап өтеді. Ақсу тарихи-өлкетану музейде 10-15 сәуір аралығында «Ғарыш әлеміне саяхат» атты қолданбалы өнер көрмесі өтті. Көрмеге балалардың өнер туындылары қойылып, көрермендер назарына ұсынылды.

IMG20240409155433IMG20240410090204IMG20240412175744


12 сәуір Ғалым, академик Қ. И. Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Екібастұз тарихи-өлкетану музейімен №9 мектептің 3 және 5 сынып оқушыларына «Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті» атты геология сағаты өткізілді. Іс-шара барысында Қ. Сәтбаевтың Қазақстан ғылымының дамуындағы рөлі, ғалымның табиғи байлықтарды зерттеуге қосқан үлесі, оның ашқан жаңалықтары мен еңбегі туралы айтылды. Сондай-ақ, оқушылардың назарына көрме бойынша шолу жасалды. Онда Қ.Сәтбаевтың таңдаулы еңбектерінің жинағы, музей қорынан геологиялық жинағы ұсынылды.

6849c214 9beb 45a8 b1e3 1797081ed408WhatsApp Image 2024 04 12 at 21.19.07WhatsApp Image 2024 04 12 at 21.17.04


5 сәуір Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде тәжік-ауған шекарасындағы шайқасқа қатысушылармен «Ерлікке тағзым» атты кездесу өткізілді. Кездесу жауынгерлерді таныстырудан басталды - олар сержант Курмангалиев Арман Амангельдиевич, қатардағы жауынгерлер Ахметов Ерлан Амангельдинович, Сабиров Альберт Ядгарович, Бижанов Куаныш Оразтаевич. Шараға қатысқан №33 мектептің 5-6 сынып оқушыларына Ауғанстандағы соғыстан кейінгі әрекеттердің тарихы, дәлірек айтсақ, көршілес республикалардың шекарасын есірткі тасымалы мен Ауғанстаннан көршілес Орталық Азия мемлекеттерінің аумағына басып кіруге әрекеттенген қарулы топтардан қорғау тарихы жайлы баяндалды. Шекара заставасының ардагерлері қызметтің ауыртпалығын айтып, балалармен сол кездегі әскери жағдайды, тәжік-ауған шекарасында қалай қызмет еткендерін әңгімеледі. Жиын соңында Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2 полиция батальонның аға сержанты Еңсебаев Жаңбырбай Борашұлының орындауында «Алға қазақ жігіттері» әні шырқалды.

516adf70 ccd8 4a75 8782 32e921d768edd7723269 8f2a 4ef2 81c5 936cd94a7a7861f62b36 5c56 4502 a238 bb1ba234a189


Халықаралық денсаулық күніне орай "Шынықсаң - шымыр боласың" тақырыптық дәріс өткізілді. Дәрістің басты мақсаты оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын түсіндіру және денені шыңдауда, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, болуға, дұрыс тамақтануға шақыру. Дәріске Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4 сынып оқушылары қатысты.

IMG 20240405 145702IMG 20240405 WA0019IMG 20240405 143050


Жыл сайын бүкіл әлемде сәуірдің бірінші күні экология мерекесі бойынша – Халықаралық құстар күні атап өтілді. Бүгін музейімізде ақпараттық технологиялар колледжінің студенттерімен осы күнге байланысты мерекенің тарихы, құстардың пайдасы, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі, көктемде Павлодар облысына қандай құстар ұшатыны және бізде жыл бойы өмір сүретіні туралы мағұлматтар алды. Құстардың туған жерлеріне көктемгі қоныс аударуы туралы деректі фильм де көрсетілді.

WhatsApp Image 2024 04 02 at 2.33.58 PMWhatsApp Image 2024 04 02 at 2.33.59 PM 1WhatsApp Image 2024 04 02 at 2.33.59 PM


Д.П. Багаев музей-үйінде медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері, Мәскеу қ. Л.А. Ворохобова атындағы №67 қалалық клиникалық аурухананың неонаталдық реанимациялық қызметінің басшысы Алексей Мостовойдың "Маленькие шаги в большую жизнь" атты Халықаралық фотокөрмесі ашылды. Алексей Валерьевич 1989 жылға дейін Павлодарда тұрып, А.В. Пархоменконың фотостудиясына қатысты. Іс-шарада мәскеулік дәрігердің павлодарлық әріптестері сөз сөйледі: перинаталдық орталық бас дәрігерінің орынбасары Капанова А.Г., Сейтказинова Г.К., медициналық колледж директорының орынбасары. Алғашқы фото мұғалімі А.В. Пархоменко естеліктерімен бөлісті.

WhatsApp Image 2024 04 02 at 11.19.15 AMWhatsApp Image 2024 04 02 at 11.19.15 AM 1WhatsApp Image 2024 04 02 at 11.19.14 AM


Екібастұз тарихи – өлкетану музейімен Екібастұз кен орнын игерудің басталуының 70 жылдығын мерекелеу шеңберінде өз ісіне адал қызмет еткен «Богатырь» кенішінің бас механигі, ғылым және техника саласында КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Серікбай Әбжалиұлы Шешембековтың 85 жылдығына   «Өнертапқыш Серікбай Шешембеков» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. С. Шешембеков «Богатырь» кенішінде сынама іріктеу машинасын құру мен енгізудің бастамашысы болды. Ол жеті рационализаторлық ұсыныстың авторы, оның үш баспа жұмысы жарық көрді. 1978 жылы роторлы техниканы пайдалана отырып, Екібастұз бассейнін жоғары тиімді дамытқаны және күрделі құрылымды қабаттардан үлкен көлемде көмір өндіргені үшін Серікбай Әбжалиұлы Шешембеков авторлардың шығармашылық ұжымы қатарында ғылым мен техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Есімді ұлықтау, өнегелі өмір және еңбек жолын насихаттау, ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен кеште Екібастұз қаласының құрметті азаматы С.Ж.Рамазанов, кеншілер өнеркәсібінің ардагері, «Богатырь» кенішінің экскаватор машинисі С.С.Садыков, мемлекеттік қызмет ардагері Б.К.Куспеков сөз сөйлеп, ғибратқа толы естеліктерімен бөлісті. Кеште «Славяночка» вокалды тобының орындауында «Екібастұз», «Кеншілер» туралы әндер шырқалды. Шараға еңбек ардагерлері, Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен колледжі мен политехникалық колледж студенттері қатысты.

3574f076 31d4 4229 b31c abb900ec44697caf6ea5 303f 4dcb b912 d018dd2589a7f57ddac2 be1d 4eea 8464 d388088bf88a


Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде 18 наурыз күні көктемнің басталуы мен ұлттық киімнің сұлулығын «Тақия сыйладың сен арнап маған» тақия fest фестивалінде атап өтті. Ұлттық тігін өнерінің шеберлері өз туындыларымен бөліссе, «Қамажай» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің мүшелері мерекеге қайталанбас дем сыйлады. Ісмер Жұмашева Меруерттің шеберлік сабағы көрермен үшін ерекше қызықты болды. Осы шараға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз! Салт-дәстүрімізді сақтап, құрметтеп, тәжірибе алмасып, бір-бірімізді жаңа жетістіктерге шабыттандырайық.

0b32ec09 5b87 4315 87a4 c52e2097c2031e716ac4 7363 4ff3 a5e4 85b914521d04df16bc69 748a 4b2c a2f7 7da33d582663