Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде 18 наурыз күні көктемнің басталуы мен ұлттық киімнің сұлулығын «Тақия сыйладың сен арнап маған» тақия fest фестивалінде атап өтті. Ұлттық тігін өнерінің шеберлері өз туындыларымен бөліссе, «Қамажай» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің мүшелері мерекеге қайталанбас дем сыйлады. Ісмер Жұмашева Меруерттің шеберлік сабағы көрермен үшін ерекше қызықты болды. Осы шараға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз! Салт-дәстүрімізді сақтап, құрметтеп, тәжірибе алмасып, бір-бірімізді жаңа жетістіктерге шабыттандырайық.