- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Д.П. Багаев музей қостанайлық фотосуретші Яннис Мармалидидің «Грани» атты жеке фотокөрмесі ашылды. Көрмеде 30-дан астам жанрлық жұмыстар ұсынылды. Яннис Мармалиди мәдениет саласында, Қостанай филармониясында жұмыс істейді. Оның фотосуреттерінің кейіпкерлері көбінесе шығармашылық адамдар: суретшілер, музыканттар, бишілер, ақындар. Фотосуреттер таң қалдырады, оларды ұзақ қарап, сүйсініп, салыстырғың келеді. Іс-шараға кәсіби фотосуретшілер мен шығармашылық зиялы қауым қатысты. Көрме 31 қарашаға дейін жалғасады.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Әскери Даңқ музейінде мектеп оқушыларына арналған «Ерлік толы даламыз, батыр біздің бабамыз» атты ерлік сабағы өтті. Шарада оқушыларға 1916 жылдың Ұлт азаттық көтерілісінің қолбасшысы Амангельды Иманов жайлы деректі бейнежазба мен презентация көрсетілді.


- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
«Ertis» музейінде Павлодар облысының өлкетанушыларының қатысуымен «Менің туған өлкем» дөңгелек үстелі өтті, өлкетану, ескерткіштерді қорғау бойынша өзекті мәселелер, сондай-ақ алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды. Іс-шараға өлкетанушылар, ғалымдар, музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде балалар көркемсурет мектеп түлектері дипломдық жұмыстарының «Жұлдыздары жанған күн» атты көрменің тұсау кесері өтті. Көрме Қазақ КСР-інің халық суретшісі Нағым-Бек Нұрмұхаммедовтың туғанына 100 жылдығы шеңберінде ұйымдастырылуда.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
12 қарашада «Ertis» мультимедиялық музейінде Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне арналған «Теңгенің төл тарихы» атты көрменің ашылуы өтті. Бұл іс - шара еліміздің егемендігі мен экономикалық тәуелсіздігінің символы - теңгенің қалыптасу тарихына қызықшылық білдіретін қонақтар мен мамандарды бірлестірді. Көрмеде ұлттық валютаның дамуы мен эволюциясын көрсететін жеке коллекциялардағы экспонаттар ұсынылған. Шақырылған қонақтардың сөз сөйлеуі келушілерге елдің қаржы жүйесінің дамуы туралы көбірек білуге, сирек кездесетін монеталармен және вексельдермен танысуға, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы теңгенің символдық рөлін талқылауға мүмкіндік берді.
Көрме 30 қарашаға дейін жалғасады.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Қазақ балалар ақыны, журналист, өлкетанушы Мүбарак Жаманбалиновтың 100 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бір бәйтерегі» тақырыбында Абай атындағы ЖОББМ – де поэзия кеші өтті. Шараға аталған мектептің 6 – сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында ақынның өмір тарихынан мағлұмат берілді. Балалар ақынның «Ай мен күн», «Түйе бойына сеніп, Жыл басынан құр қалды» ертегілерін тамашалады. Сонымен қатар, оқушылар ақынның бірқатар өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып берді. Шара соңында кітапхана қорынан шағын кітап көрмесін ташалады.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Екібастұз қаласының құрметті азаматы Жұмағали Қоғабайдың 75 жылдығына арналған «Жаңбырлы күн» бенефисі өткізілді. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9 сынып оқушылары таңғажайып ақынмен кездесті. Ақын өз шығармаларын таныстырып, өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Жұмағали Бижанұлының өлеңдерін тыңдап, көптеген сұрақтар қойылды. Кеш қызықты, танымдық, ашық және шабытты өтті.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ақсу тарихи-өлкетану музейде Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, Қазақ КСР Халық суретшісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, кескіндемеші Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына орай «Танымал қылқалам шебері Нағымбек Нұрмұхаммедов» атты шығармашылық портрет өткізілді. Нағымбек Нұрмұхаммедов сурет салумен ғана айналыспады, Қазақстанның бейнелеу өнері жөнінде кітаптар мен альбомдар шығарды. Іс-шарада оқушылар суретшінің шығармашылық жұмыстары мен еңбектері туралы ақпараттармен танысты. Сонымен қатар Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушылары «Адай» күйін орындады.




