- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Әнұран, елтаңба және ту біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. 1992 жылдың 4-ші маусымы Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздері күні болып аталды.
2019 жылдың 4 маусымында Ақсу тарихи-өлкетану музейінде «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» атты патриоттық сағаты өткізілді. Оған қаламыздың №2 және Ақсу кентінің №3 коррекционды мектептердің оқушылары белсенді қатысты. Шара барысында оқушылар Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен танысты, видео мен слайдттарды тамашалады, өлең жолдарын оқыды, викторина өткізілді, сонымен қатар, «Біздің мемлекетімізді салайық» атты ойынға қатысты.
Государственные символы – одна из незыблемых основ государства. 4 июня 1992 года были впервые утверждены новые государственные символы независимого Казахстана. Этот день навсегда останется в истории нашей страны.
4 июня 2019 года в Аксуском историко-краеведческом музее прошел патриотический час «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі». Были приглашены учащиеся СШ № 2 и коррекционная школа №3. На мероприятииучащимся рассказали о возникновении истории герба, флага и гимна. Были показаны видео, слайды, проведена викторина и игра «Нарисуй нашу страну». Учащиеся приняли активное участие в меропритии: прочитали стихи, спели песни о нашей Родине.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!
Бүгін Ақсу тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен асық ату, қаңталапай ойындары ойналып, әр түрлі фотоаппараттарды жиналған жұртшылыққа көрсетіп, балаларға көп қызық сыйлады. Аталған мерекені қалалық саябақта атап өттік.
Первый летний день вызывает на лицах школьников улыбки. Ведь начинаются самые длинные каникулы, целых три летних месяца. День 1 июня примечателен не только этим. В этот день многие страны отмечают Международный день детей (International Children’s Day), или Международный день защиты детей.
1 июня 2019 года Аксуский историко-краеведческий музей организовал на улице игры асык ату и канталапай, а так же выставку фотоаппаратов. Дети радостно играли с асыками и интересовались старыми фотоаппаратами. Мероприятие прошло в городском парке Государственных символов.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2019 жылдың 31 мамырда,саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні «Ақталған есімдер!» - «Опаленные судьбой!» жоба аясында көрме бойынша экскурсиялар өткізілді. Музейге келушілер XX ғасырдың 30-50 жж. қуғын-сүргінге ұшыраған жерлестеріміз, жер аударған халықтар туралы мәліметтермен танысты. Сонымен бірге, «Зар заман естелігі» еске алу кеші өтті. Кешке спорт ардагері, Аймағамбетов Амангелді, тарихшы Э.Д. Соколкин, ақын Т.В. Окольничья, Б. Ахметов атындағы педколледж студенттері қатысты. Көрмені 250-ге жуық келушілер тамашалады.
31 марта 2019 года в рамках проекта «Ақталған есімдер!» - «Опаленные судьбой!» проводились экскурсии ко Дню памяти жертв политических репрессий. Посетители музея узнали о земляках репрессированных в 30-50 годы ХХ века, а также о депортации народов, увидели уникальные экспонаты. Памяти жертв политических репрессий был посвящен вечер «Память скорбных лет». Приглашенные гости - ветеран спорта Аймагамбетов А.С., поэтесса Окольничья Т.В. поделились воспоминаниями событий того времени, а краевед Соколкин Э.Д. рассказал об истории создания фонда по репрессированным студентам педагогического колледжа Б. Ахметова. Выставку посетило около 250 человек.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
30 мамырда Халықаралық Балаларды қорғау күні қарсаңында, музейімізде «Старинные часы еще идут...» атты дәстүрлі көрменің ашылуы өтті. Көрмеде 80-нен астам экспонат бар. Көрмеде сирек кездесетін сағат үлгілері қойылған - Sestrel ағылшын кеме сағаты, шпиондық фотоаппарат сағаттары, біздің жеріміздің белгілі тұлғаларға тиесілі сағаттар, және т.б. Көрмедегі экспонаттар XIX ғасырдан XX ғасырды қамтиды.
Қала қонақтары мен тұрғындарын біздің көрмемізді тамашалауға шақырамыз.
30 мая, по традиции, в нашем музее, состоялось открытие выставки «Старинные часы еще идут...», посвященной Международному Дню защиты детей. На выставке представлено более 80 экспонатов. Здесь и редкие экземпляры часов - английские судовые часы Sestrel, шпионские часы – фотоаппарат, а также часы,принадлежавшие известным личностям нашего края и многие другие. Экспонаты датируются кон. XIXи XX вв.
Приглашаем гостей и жителей города посетить нашу выставку.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
29 мамыр күні Ақсу тарихи-өлкетану музейінде «Жазықсыз жапа шеккендер» атты тарихи сағат өтті. Оған тарих ғылымдарының докторы, профессор Болат Шияпұлы және «Мудрость» клубының өкілдері қатысты. Шара барысында қуғын-сүргінге ұшыраған, жазықсыз өлім жазасына кесілген жандар жайлы слайд көрсетілді, «Алжир» мұражайы жайлы деректі фильм жиналған қауым назарына ұсынылып, "Өткенді есте сақтаймыз" атты кітаптар фестивалі ұйымдастырылды.
29 мая в Аксуском историко-краеведческом музее был проведен исторический час «Невинные жертвы». Участниками исторического часа были доктор исторических наук Болат Шияпович и члены клуба «Мудрость». На мероприятий были показан слайды о невинно погибших в эпоху сталинского режима, о трагедии голодной степи и произошедшем массовом уничтожении народа, показан документальный фильм о музее «Алжир», также был организован фестиваль книг из фонда музея «Помним о прошлом» ко дню памяти жертв политических репрессий.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Биылғы жылы екінші мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2019» республикалық фестивалі өтті. Қуанышпен бөліскіміз келеді –бүгін, 2019 жылдың 22 мамыр күні, біздің музей гран-при жүлдесіне ие болды!!! Басшымыз Гүлнар Баркенқызын құттықтаймыз жоғары марапатпен құттықтаймыз. Күн сайынғы мәдениет пен ағарту жолында музей қызметкерлерінің атқарып жатқан еңбектерінің керемет марапаты деп білеміз.
В этом году состоялся второй республиканский фестиваль организаций и работников сферы культуры и искусства «Рухани қазына-2019». Хочется поделиться радостной новостью – сегодня, 22 мая 2019 года, наш музей получил гран-при в номинации «Лучший государственный музей областного значения»!!! Поздравляем нашего руководителя Гульнар Баркеновну с высокой наградой. Это лучшая награда за тот труд, который каждый день выполняют сотрудники музея во благо развития культуры и просвещения.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Құрметті достар!
Біздің музейде «Старинные часы еще идут…» көрмесінің ұйымдастырылуына байланысты «Менің экспонатым - музейде» акциясын жариялаймыз.Барлық қала тұрғындарын көрмені жасақтауға шақырамыз. Бұл көрмеде музейдің ескі сағаттарымен қатар сіздің сағатыңыз экспонат ретінде қойылып, біздің сайтта фотосуреті жарияланады. Біз сіздің сағатыңызды музейге сый ретінде немесе көрме барысында уақытша (маусым-шілде 2019ж.) қабылдауға дайынбыз. Музей көрмедегі сіздің сағатыңыздың сақталуына кепілдік береді.
Сіздерді 2019 жылдың 30 мамырына дейін күтеміз. Мекен-жайымыз: Астана к-сі, 149. Бізбен телефон арқылы да хабарласуға болады: тел. 618159
Дорогие друзья!
В связи с подготовкой выставки часов «Старинные часы еще идут …» музей объявляет о начале акции «Мой экспонат в музее».
Приглашаем всех горожан принять участие в комплектовании выставки «Старинные часы еще идут … »! Часы, принесенные Вами в музей, будут представлены не только в витринах, но и на сайте музея. Мы готовы принять их в дар музею или на временное хранение для экспонирования в рамках выставки (июнь - июль 2019 г.). Музей гарантирует сохранность поступивших предметов.
Ждем Вас до 30 мая 2019 года по адресу: ул. Астана, 149. Вы можете также связаться с нами по телефону: 618159.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Жеңіс күні – 9 мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
7 мамыр күні Ақсу тарихи-өлкетану музейінде “Біздің жерлестеріміздің майдандағы географиясы» атты шара өтті. Оған тарих ғылымдарының докторы, профессор Болат Рахметолла, еңбек ардагері Светлана Ярославцева, өрт сөңдіру бөлімшесінің қызметкерлері, сонымен қатар, Қанаш Қамзин атындағы орта мектебінің оқушылары мен "Альтернатива" Ақсу мүгедектер қоғамдық бірлестігі қатысты. Шара барысында сұм соғыс жайлы фильмдер мен слайдтар көрсетіліп, мектеп оқушылары Масгутова Арай, Мирас Медеу, Жұлдыз Жылқыбаева Ұлы Отан соғысының батыры Қанаш Қамзин атамызға авторлық өлең жолдарын арнап, музейге естелікке кітапшалар табыс етті, сондай-ақ, Жаяу Мұса атындағы колледждің студенті Инара Искакова домбырасын күмбірлете әдемі күй сыйлады. Айта кетсек, биыл Қанаш Қамзиннің 100 жылдық мерейтойы. Осы орайда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы төсбелгілер мен хаттардан тұратын көрме ұйымдастырылды. Өткен мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналды.
Война...Сколько человек украли из домов суровые войны, сколько огней потушили в домах, сколько матерей не верили в скробную бумагу с поля боя, и уходили в ожидании сыновей, сколько девушек остались вдовами, и сколько младенцев остались сиротами. День Победы - 9 мая - большой праздник по всему миру. Особенный праздник для ветеранов, которые поднимали всю тяжесть Второй мировой войны. 7 мая в Аксуском историко-краеведческом музее состоялось мероприятие “География наших земляков на фронте". В нем приняли участие доктор исторических наук, профессор Болат Рахметолла, ветеран труда Светлана Ярославцева, сотрудники отдела городской противопожарной безопасности ПЧ-11, учащиеся средней школы имени Канаша Камзина и а также Аксуское общественное объединение инвалидов "Альтернатива". В ходе мероприятия были показаны фильмы и слайды о войне, учащиеся школы Масгутова Арай, Мирас Медеу, Жулдыз Жылкыбаева исполнили авторские произведения, посвященные 100- летию со дня рождения Героя Великой Отечественной войны Канаша Камзина, передали в музей брошюры о К.Камзине. Студентка колледжа им. Жаяу Мусы отделения культуры Инара Искакова исполнила кюй "Балбұлақ" на домбре. А также была оформлена выставка предметов с фонда музея, посвященная дню Победы.