Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Құрметті оқырмандар, біздің журналдың кезекті нөмірі жарық көрді. Осы шығарылымда біз сіздерді жұмысымыздың маңызды оқиғаларымен таныстыруға асығамыз. Қарапайым адамдар қалдырған үңгір суреттері біздің аймақтың бай тарихы туралы, осы үңгір кескіндемесін сақтау қаншалықты маңызды екендігі туралы айтады.

Кейбір мұражайлар заттар әлемі арқылы үнемі өзгеріп тұратын қоршаған ортамен, табиғатқа антропогендік әсердің нәтижесімен танысуға мүмкіндік береді.

Әр түрлі өрнектер біздің өмірімізге соншалықты берік еніп кетті, сондықтан ою-өрнегі жоқ затты табу өте қиын болды, өйткені әртүрлі өрнектер көзді сұлулығымен қуантып қана қоймайды, сонымен қатар құнды ақпараттың тасымалдаушысы болып табылады.

Пісіруге арналған ыдыс-аяқтар бірлік пен қонақжайлылықтың белгілі бір символына ие болды. Бұл ыдыс қазан болды.

Алғаш рет ерлер қолөнер фестивалі өтті. Фестивальді өткізу дәстүрлі ерлер қолөнерін танымал етуге, қазақ халқының қолөнер дәстүрлерін сақтау және дамытуға, қолданбалы өнердегі қызықты эксперименттік нысандарды анықтауға бағытталған.

Альманах 10Альманах 105Альманах 102


Алғаш рет Павлодарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Ертіс өңірінің тарихи мұрасы: Қимақ қағанаты және Қазақ хандығы" туралы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Аталмыш іс-шараға Қазақстан, Түркия, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Германия және АҚШ-тың жетекші ғалымдары, археологтары, тарихшылары мен құрметті қонақтары қатысты.

Конференция аясында «Қимақ елінің ежелгі дәуірі» археологиялық көрмесі мен Қимақ қағанаты, Жошы Ұлысы және Қазақ хандығының мемлекеттілік ескерткіштерін зерттеу жөніндегі экспедициялар барысында қазақстандық ғалымдар тапқан бірегей құнды артефактілері ұсынылды.

Конференция Павлодар Ертіс өңіріндегі Қимақ қағанаты мен Қазақ хандығының тарихи мұрасын зерттеуге бағытталды.

260784325 2985750648405563 2585525953891079123 n260685505 2985750701738891 1585014680191070434 n260086736 2985749485072346 4345356149204943979 n


Тұнғыш Президент күніне орай «Ұлт көшбасшысы» атты дәрісі өтті. Ақсу қаласының Жоғары Көпсалалы колледжінің гуманитарлық бөлімінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 4 курс студенттері қатысты. Дәрісте, қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы, Қазақстан үкіметін басқарғаннан бүгінгі күнге дейінгі ел үшін атқарған еңбегі жайлы ақпарат берілді. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу мақсатымыз болды.  Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, «Тұңғыш Президент» атты  слайд-презентациялар, бейнероликтер көрсетілді. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті» атты кітап көрмесіне, фотоматериалдарға шолу жасалды.  Кеш қорытындысында интерактивті ойын өткзілді, студенттер екі топ болып бөлініп, бәсекелестік сезімі оянып, ойынға өте белсенді қатысты.

лекциялекция 2лекция 3


Ардагерлер кеңесінде «Мудрость» ардагерлер клубының мүшелерімен бірге педагогикалық еңбек ардагері, ақын Зоя Качусованың 80 жылдық мерейтойымен құрмет көрсетілді. Іс-шарада қала әкімі Жанат Шугаевтың алғы сөзімен және қаланың дамытуына үлес қосқаны «Ақсуға 60 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен қала әкімінің орынбасары Марина Гайдаренко сөз сөйледі. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмукан Арынов өз кезегінде З. Качусоваға «Мудрость» клубында белсенді қоғамдық жұмысы үшін алғыс айтып, «Аксу. Лица истории» атты өмірбаяндық сөздікті табыс етсе, «Мудрость» ардагерлер клубының мүшелері өз концерттық бағдарламасың ұсынды,  сондай-ақ музей қорынан З.Качусованың фотосуреттерен «Өлеңдегі сурет» көрмесі ұйымдастырылды.

IMG 20211111 WA0155IMG 20211111 WA0150IMG 20211111 WA0152


Қазақстан Тәуелсіздігінің 30жылдығының арналған  Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи – өлкетану музей қорынан «Тамыры терең туған жер» көрменің ашылуы Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік тарихи – мәдени және әдеби – мемориалдық қорық – музейіңде өтті.

Көрменің  мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:

1. Өлкенің ежелгі тарихы: палеонтология, археология.

2. Ертістің  Павлодар өңірінің материалдық және рухани мәдениеті: халық қолөнері мен кәсібі, сәндік – қолданбалы өнер, зергерлік өнер.

3. Павлодар қаласының тарихы.

4. Ертістің  Павлодар өңірінің материалдық және рухани мәдениеті: халық қолөнері мен кәсібі, сәндік – қолданбалы өнер, зергерлік өнер.

5. Павлодар  өңірінің белгілі тұлғалары. (Өлкеміздің ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер саласындағы белгілі қайраткерлері).

Көрменің ашылуына өлкенің танымал адамдары,студенттер қатысты.

5437adfd 8c8c 49b4 9c21 d8b5b7574584e597c317 52ec 4a5f a4af 678fb0a38eb315718386 196e 4652 84ca 7f841fa361d6


Д.П. Бағаевтың Мемориалдық музей-үйінде Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы» атты фотокөрменің ашылуы өтті.    Фотокөрмеде Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен қызметінің шежіресі: металлург, қоғам және партия көшбасшысының саяси көшбасшыға дейінгі жолы, сонымен қатар егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, экономикалық және халықаралық аренадағы саяси жетістіктері мен Тәуелсіз еліміздің дамуына сіңірген еңбегі мен үлесі ұсынылған.

Музей қорынан келушілердің назарына кәсіби фотографтар Бугаев Владимир Николаевич, Бугаев Валерий Николаевич, Пархоменко Александр Васильевичтің жұмыстары ұсынылды.

691d8db1 c873 4233 bc8b 1696db0397626ad68f40 fc0e 4d28 ad40 f31254e113e846dc7009 0e1b 4381 b3b5 b26d514ada1d


"Ertis" музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде «Шеберлікке шек жоқ» дәстүрлі ерлер қолөнерінің облыстық  фестивалі өтті.

Фестиваль дәстүрлер қолөнерін танымал етуге, қазақ халқының қолөнер дәстүрлерін сақтауға және дамытуға,  өнердегі қолданбалы қызықты эксперименттік формаларды анықтауға бағытталған.

Павлодар облысының үздік қолөнершілері фестивальге қатысты, қалың көрерменге бірегей қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Фестиваль аясында қолөнершілер мен қолданбалы өнер шеберлері туындыларының көрме-жәрмеңкесі, атақты шеберлердің музыкалық аспаптар жасау, ағаш ою, көркем өңдеу бойынша шеберлік сабақтары өтті.

IMG 1152IMG 1371IMG 1135


2021 жылдың 22 қазанында сағат 10.00 - де «Ertis»  музейінде  ҚР Тәуелсіздігінің   30 жылдығына орай «Менің туған өлкем» тақырыбында облыс  өлкетанушылары  форумы ұйымдастырылды.

Форумда өлкетанушылардың ғылыми - насихат және мәдени - ағарту жұмысы мен Павлодар өңірінің өлкетану саласындағы ғылыми зерттеу, зерделеу мәселелері қарастырылды. Форумның жұмысы келесі бағытта жүргізілді: Өлкетанушыларды бірлестіру: тарихи, географиялық, әдеби және т.б., Павлодар Ертіс өңірінде өлкетану жұмысын насихаттау, Павлодар облысының тарихы мен мәдениетін сақтауда музейлердің, ғылыми және білім беру мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың рөлі.

Форумға өлкетанушылар, ғалымдар, тарихи - мәдени және ағарту мекемелерінің өкілдері,  қоғам қайраткерлері, музейтанушылар шақырылды.

246958841 2960281390952489 2934480394399432123 n247313409 2960281467619148 1341110926903286395 n247021124 2960281624285799 1189490955460536522 n