Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, поэзия падишасы, публицист, сыншы, драматург, есімін туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ- нің кітапханасында оқушыларға «Қазақтың дана Қадыры» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара аясында жазушының өмірі мен шығармашылық туралы мағлұмат беріліп, өлеңдері оқылды. Ақынның сөзіне жазылған «Өз елім», «Тамаша», «Асыл әжем» әндері тыңдалды. Өмір жолынан бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар кітапхана қорынан жазушының кітап көрмесі оқушылар назарына ұсынылды.
«Қазақтың дана Қадыры» әдеби кеш
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина