Қазақтың XX ғасырдың басындағы елеулі тұлғалардың бірі, жерлесіміз ақын, қоғам қайраткері Садуақас Мұсаұлы Шормановтың 175 жылдығына орай «Еңселі елдің тұлғасы» атты еске алу кеші өтті. Садуақас Мұсаұлы Шорманов ойшыл, парасатты, оқымысты адам болған. Садуақасты ел іші қатты құрметтеген. 1854-1868 жылдары Баянауыл дуанының аға, сұлтаны болған, Ресей патшасынан полковник шенін алған, орта жүздің белгілі биі Шорманның немересі жайлы оқушыларға қадірлі қонақтар толыққанды тарихи мағұлматтарды айтып берді. Жарылғапберді Жұмабайұлы кезінде Мұса Шормановтың, бертін келе С. Шормановтың соңына ерген, жиын-тойда салған «Ардақ» әні орындалды.
«Еңселі елдің тұлғасы» еске алу кеші
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина