Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдығын мерекелеу аясында 28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Біздің денсаулығымыз біздің қолымызда!» атты Шарбақты аграрлық-техникалық колледжінің студенттерін шақырумен дөңгелек үстел өтті.

Денсаулық-кез келген адамның өміріндегі баға жетпес байлық. Әрқайсымыз күшті және сау болуға, ұтқырлықты, сергектікті, энергияны мүмкіндігінше ұзақ сақтауға және ұзақ өмір сүруге ұмтыламыз. Қазіргі уақытта біздің қоғамға үш жамандық әсер етеді: ішімдік, темекі және есірткі. Бүгін біз студенттерді бәлкім оларға қатысы жоқ проблемалар шеңберіне енгізуге тырыстық, және де бүгінгі кездесу бекер болған жоқ, студенттер одан көп нәрсені білді. «Денің сау болса-бәріне қол жеткізесің» деп бекер айтылмаған. Студенттер сұрақтарға жауап алмасу, викторинаға қатысты.

IMG 20220928 WA0002IMG 20220928 WA0004

Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Қазақтың  балалары әлемдік деңгейде ел мерейін асыруда. Қарапайым ауылдан шыққан талай баланың жұлдызы жанып, қабілетімен дарындылар қатарына қосылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды.

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдық мерекесіне орай «Балалар жылы» аясында  «Келешектің тұтқасы білімді, өнерлі ұрпақта» тақырыбында Успен ауданының  музыка мектебінің балаларымен «Әскери Даңқ» музейінде шолу экскурциясы және кездесу кеші өтті.

Кездесуге Өнер мектебінің ұстазы әнші, күйші, ақын Перизат Құрманәлі Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған аудандық жыр мүшайрасының жеңімпазы  Музейдің 80 жылдығына өзінің арнау шығармасын оқыды.

Қатысушы оқушылар «Отан» туралы өздерінің арнау шығармаларын оқып, халық күйлерін орындады.

Кеш соңында музыка өнер мектебінің директоры Валентни Николеавна сөз алып, кештің әрі мағаналы, әріөсіп келе жатқан ұрпаққа тағылымды тәрбие екенін жеткізіп, арнайы шақырғанымыз үшін алғысын  білдірді.

123


15 қыркүйек күні сағат 15.00-де Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Көрпе Fest» этнофестивалінің жеңімпазы У.Т. Нұрмұханбетованың қатысуымен «Фантазии полет и рук творенье» атты кездесу өтті.

         Іс - шараға Б. Ахметов атындағы Павлодар жоғары педагогикалық колледжінің студенттері қатысты, олар облыстық «Шабыт қайнары» қолданбалы өнер орталығының жетекшісімен, 2019 жылғы Астана күніне арналған республикалық «Көрпе Fеsт» фестивалінің құрақ тігісі бойынша авторлық дизайн сыйлығының иегері, Павлодар қ. «Көрпе Fеsт» этнофестивалінің жеңімпазы, халықтық кәсіпшілік технологияларын игерудегі жоғары санатты сертификаттың иегері атанаған 2021 жылы «Алтын Орда»  авторлық дизайн үйі Нұрмұханбетова Уасилия Тұрысбекқызы мен танысты.

Бұл іс-шараның мақсаты:  шығармашылыққа шабыттандыру, керемет өнер әлемін сүю, қиял мен қиялды дамытуға көмектесу.

126


Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдық мерекесің өткізу аясында музей қорынан «Білім әлеміне» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Осы көрмеде Социалистік еңбек қайраткері, атақты ұстаз Р. Нұртазинаның балалар мен ұстаздарға арналған кітаптар мен әдістемелік жинақтары, 1954-80 жылдары шығарылған әдеби кітаптар қойылды.

d12


Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдығын мерекелеу аясында зергер-суретші Сұлтанова Викториямен бірге «Бисерден жасалған ғажайыптар» атты шеберлік сыныбын өткізді. Өткізілген мастер-класс барысында балалар тоқудың түрлі техникаларын оңай игерді: параллель және дөңгелек тоқу техникасын.

Сонымен қатар студенттер сәндік-қолданбалы шығармашылықтың бір түрінің негіздері және қолданбалы өнердің құпиялары туралы білді. Іс-шараға "ППУ" КЕАҚ студенттері қатысты.

359


Қазақтың қоғам және саяси қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жыл толуына орай «Ұлт ұстазы» атты еске алу кеші өтті.

2022 жылғы 5 қыркүйекте Екібастұз тарихи-өлкетану музейдің ұйымдастыруымен қазақтың қоғам және саяси қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлт ұстазы» атты еске алу кешіне № 10 ЖОББМ 7 «Б» сынып оқушылары қатысып, назарына ақын, әдебиеттанушы, ғалым-лингвист, түркітанушы, аудармашы, педагог Ахмет Байтұрсынов жайлы слайд ұсынылды. А.Байтұрсыновтың өмірі баяндалған «Қазақ даласының ұлы адамдары» деректі фильмі және «Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара қонақтары тұрғысында қазақ тілі және қазақ әдебиеттің мұғалімдері Масалимова С. Ш. және Кунанбаева М.К. шақырылды.

WhatsApp Image 2022 09 06 at 11.29.45WhatsApp Image 2022 09 06 at 11.29.46

26 тамызда «ERTIS» музейінде Павлодар Ертіс өңірінің өлкетанушыларының қатысуымен ҚР Конституциясы күніне арналған «Өlke. kz» диалог алаңы ұйымдастырылды.

Кездесуде  Едігеұлы Торайғыр бидің 250 жылдығына (1772-1825) және Қазанғапұлы Бердалы бидің 220 жылдығына (1802-1842) арналған Баянауыл ауданы, Ерейментау ауданы, Ақсу қаласы Жолқұдық ауылындағы қасиетті орындар бойынша өлкетану және этнографиялық экспедицияның қорытындысы шығарылды және экпедицияның деректі фильмінің тұсаукесері болды.

Кездесуге, Торайғыров Университеті мен Павлодар педагогикалық Университетінің тарих кафедраларының ғалымдары мен оқытушыларымен диалог форматында экпедиция қорытындысы шығарылып, ғылыми зерттеу барысында алынған теориялық және практикалық деректер талқыланды.

WhatsApp Image 2022 08 26 at 17.11.58WhatsApp Image 2022 08 26 at 17.11.58 1WhatsApp Image 2022 08 26 at 17.12.00 1


2022 жылдың 12 - 14 шілде айы аралығында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Едігеұлы Торайғыр бидің 250 жылдығына (1772-1825) және Қазанғапұлы Бердалы бидің 220 жылдығына (1802-1842) арналған сакралдық орындар бойынша өлкетану және этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды.

2022 жылдың 12 - 14 шілде аралығында белгілі тарихшылар мен өлкетанушылар Баянауыл ауданының Торайғыр ауылына, Ерейментау ауданына, Ақсу қаласы Жолқұдық ауылына өлкетану және этнографиялық экспедициялар өткізуді жоспарлап өткізілді.

Экспедицияның басты міндеті - Ертістің Павлодар өңірі тарихының ұмытылған беттерін ашу, облыстың тарихи, этнографиялық және киелі нысандарын көпшілікке танату. Жергілікті жерді ғылыми зерттеу кезінде алынған теориялық және практикалық мәліметтерді кеңейту және тереңдету, сондай ақ БАҚ арқылы Павлодар Ертіс өңірінің тұрғындарымен насихат жұмыстарын жүргізу.

Экспедиция құрамына Павлодар Ертіс өңірінің белгілі тарихшылары мен өлкетанушылары кірді.

WhatsApp Image 2022 08 22 at 16.56.16WhatsApp Image 2022 08 22 at 16.56.16 1WhatsApp Image 2022 08 22 at 16.56.17