Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Наурыз мерекесіне арналған «Ұлттық киім - ұлт бейнесі» атты фольклорлық кеш өткізілді. Қонақтар ұлттық киімдердің тарихымен, қазақ халқының мәдениетіндегі маңыздылығымен және киім элементтерінің символикасымен танысты.




