Ақсу тарихи-өлкетану музейі ұлттық киім күніне орай «Шаштың сәні – шашбау» шеберлік сабағы өтті. Оған Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 6 сынып оқушылары қатысты. Шеберлік сабақ барысында оқушылар шашбаудың тарихы мен ерекшеліктерімен танысты. Іс-шара соңында дәстүрлі әшекейді жасады.




