Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді.Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

Бүгін  «Ertis» музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан тәуелсіздік жолы» дөңгелек үстелі, сондай - ақ «Бәйтерек» зияткерлік квест-ойыны өтті.

Шақырылған қонақтар - тарих ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушысы Күзембаев Нұркен Ерболұлы, ғалымдар, тарихшылар,  Б. Ахметов атындағы Педагогикалық колледж студенттері , Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері, Мемлекеттік қызметшілер мен БАҚ.

Зияткерлік квест-ойынға қатысушылар арасында: Ақсу қаласының №8 ЖОББМ оқушылары.  Мектеп оқушылары өз білімдерін, ақылдылықтарын тамаша көрсетіп,  алғыс хатпен марапатталды.

сж5 сж1 сж


2022 жылдың 9 желтоқсанында сағат 15:00-де Д.П.Багаевтың мұражай-үйінде «Қазақстандықтардың Сталинград шайқасына қатысуы» атты халықаралық фотокөрмесінің ашылу іс шарасы  өткізілді. Сталинград шайхасы өзінің өрлеуі мен халықаралық мәні бойынша екінші дүниежүзілік соғыстың қандай да бір басқа шайқастарымен тәң қалмайтін еді. Осы соғыс туралы естелік әлемдік мәдениеттің көптеген ескерткіштері мен шығармаларында мәнгі есте қалды. 1967 жылы Волгоградта Мамаев қөрғанында «Сталинград шайқасының батырларына» ескерткіш – ансамбль ашылды. Әскери даңқ залының қабырғаларында символикалық мозаикалық жалауларда Сталинград үшін шайқаста қаза тапқан 7200 кеңес жауынгерлерінің есімдері жазылған. Олардың арасында қазақ халқының даңқты ұлдары мен Қазақстан тумалары да бар. «Сталинград шайқасы» музей-қорығының (Волгоград қ.) қорындағы көрмені  қолдауымен қазақстандық өрермені үшін арнайы дайындады.

WhatsApp Image 2022 12 09 at 16.02.16WhatsApp Image 2022 12 09 at 16.02.17WhatsApp Image 2022 12 09 at 16.02.18


Құрметті оқырмандар! Сіздерге арналған журналдың жаңа нөмірі шығарылды. Біз үшін биылғы жыл іс-шараларға, экскурсияларға, дәрістерге, сондай-ақ экспедицияларға өте бай жыл болды. Музей ашылғаннан бастап қызметкерлер Павлодар өңірі бойынша экспедициялар ұйымдастырды. Оның барысында музей жаңа экспонаттармен ғана емес, сонымен қатар жаңа таныстармен, сондай-ақ табиғаттың керемет көріністерімен фотосуреттермен толықтырылады.

Биылғы жылдың ең маңызды оқиғасы "Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен сақтаудағы музейлердің рөлі" атты халықаралық конференция болды. Жыл бойын жоспарлап, оған 120 қатысушы қатысыты, олардың арасында тарихшылар, археологтар, өлкетанушылар және бүкіл Қазақстан мен Ресейдің көптеген қоғам қайраткерлері болды. Бір үстелге жиналғандар музей саласындағы көптеген проблемалық мәселелерді талқылады, археологиядағы жұмыс әдістерімен, сондай-ақ археологиялық артефактілерді сақтау тәсілдерімен бөлісті. Біздің музейдін 80 жылдығына орай оның көптеген қызметкерлері атақтар мен марапаттарға ие болды.

1959 жылы музей ғалым, географ, этнограф, саяхатшы Григорий Потаниннің есімі берілді. Оның күш-жігерінің арқасында қазақ халқының өмірі мен өмір салты туралы көпдеген материалдар жиналды және ұмыт болған ертегілер мен аңыздар сақталып қалды. Бүгінгі күнделікті өмірде қарапайым болып көрінетін нәрсе бұрын таңқаларлық және құнды нәрсе болған, қатаң құпияда сақталған.

Біздің қала тұрғынларына арналған музейдің бірегей экспонаттарымен таныстыру үшін "Бенефис музейных раритетов" көрмесі ұйымдастырылды, онда өте маңызды көне заттар ұсынылды. Музейіның жаңа жобалары әрқашан біздің келушілеріміздің қызығушылығын тудырады. Олар туған өлкенің тарихы және көрнекті адамдарымен сіздерді таныстыруға арналған. Бүгінгі таңда қолөнершілер мен суретшілер жасаған заттар өнер нысаны болып саналады, ал кейің мұражай экспонаттарына айналады.

Альманах 12сжАльманах 123Альманах 124


2022 жылдың қараша айының 24 күні сағ: 15.00 де Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы музейінің ұйымдастыруымен Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында Алматы қаласы, Ықылас атындағы Халық музыка аспаптарының музей қорынан «Көне аспаптар күмбірі» көрмесі аясында Павлодар қаласы «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының»  студенттерінің қатысуымен  «Аспаптар әуені» атты музыкалық салон өткізілді.

32на сайт


Жылдың ең ірі және маңызды оқиғасы облыстық Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдығына арналған "Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен сақтаудағы музейлердін рөлі" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болды.

Конференция жұмысына тарихшылар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері мен музей қызметкерлері қатысты. Қатысушылар Астана, Алматы, Атырау, Петропавл, Көкшетау, Семей, Қарағанды, Өскемен сияқты Қазақстанның түрлі қалаларынан және көрші Омбы қаласынан арнайы қонақтар келді. Конференция бір күннің ішінде өтті және ол Г. Потанин мен Ш. Уәлиханов ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.  Конференцияның пленарлық отырысы Достық үйінде өтті. Оның фойесінде "Музей хронографы" фотокөрмесі ұсынылды. Көрмеге музей тарихындағы, оның жетістіктері мен қазіргі өміріндегі маңызды кезеңдердің құрылғанын куәландыратын жұмыстар кірді. Сондай-ақ, экспозицияны музейге танымал тұлғалардың фотосуреттері мен жарқын қызықты іс-шаралардың кадрлары толықтырды.

Пленарлық отырыста "Павлодар – музейлер қаласы" фильмінің көрсетілімі өтті. Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.А. Құрманова құттықтау сөз сөйледі.  Шара соныңда Музей қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және "Мәдениет саласының үздігі" белгісімен марапатталды.

WhatsApp Image 2022 11 23 at 16.44.21 2WhatsApp Image 2022 11 23 at 16.44.22 3WhatsApp Image 2022 11 23 at 16.44.21 1


Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде өлкетанушы, техника ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Тілеукен Ахметұлы Инсебаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Ұлты мен жүрты үшін қызмет еткен» атты еске алу кеші өтті.
Кеште өңірді зерттеудің өзекті мәселелері, олардың атаулары және өлкетану бойынша жаңа дереккөздерді енгізу талқыланды. Тілеукен Ахметұлы Инсебаевтың жеке заттары мен құжаттары ұсынылды.
Іс-шараға өлкетанушылар, тарихшылар, музей қызметкерлері мен Т.А. Инсебаевтың туыстары қатысты.

IMG 1994IMG 1972IMG 1901


Мамандарды сапалы даярлау жоғары педагогикалық оқу орныдарында жүзеге асырылатынын бәрі біледі. Осыған байланысты ҚР ұлттық жоғары білім беру жүйесін дамытуға, оның мазмұны мен сапасын кешенді жаңғыртуға, озық инновациялық технологияларды енгізуге белгілі педагог, көрнекті ғалым , қоғам қайраткері, профессор Тасболат Қасенұлы Шаяхметов үлкен үлес қосты. Т. Шаяхметов бүкіл өмірін білім беру саласына арнады.

Биыл ғалым, физика-математика ғылымдарының профессоры Т. Шаяхметовтың  туғанына 85 жыл. Аталмыш іс-шараға байланысты  Ақсу тарихи-өлкетану мұражайында  Т. Шаяхметовтың «Өмірі және ғылыми қызметі» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Шараға қаламыздың номері 1 ЖББМ-нің 6- сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Т.Шаяхметов туралы  слайд арқылы  өмірі және ғылыми қызметтері, еңбек жолдарымен таныс болды  және бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ , Т.Шаяхметов жайлы жазылған кітаптар мен  газеттер көрмесі   қатысушылардың назарына ұсынылды.

IMG 20221108 WA0014IMG 20221108 WA0019IMG 20221108 WA0022


Музейде  қолданбалы шебер Б.Ж. Сағандықовтың 85 жылдығына арналған «Ағаш қол шебері» өлкетану сабағы өткізді.

Іс - шараға Павлодар қаласының №8 мектеп-лицейінің орта буын оқушылары қатысты.

Сағандықов Бақыт Жалелұлы-Павлодар Ертіс өңірінің белгілі шебері. Оның қолымен ерекше туындылар, ағаштан жасалған бұйымдар, ет беру рәсімдеріне арналған ағаш ыдыс-аяқ жиынтығы, қымыз, киіз үй әшекейлері, халықтық дәстүрлерде орындалған қазақ ері мен әйел адамының бағалы тастармен көмкерілген белбеулері, жылқы жабдықтары мен зергерліктер, қызға арналған күміс жиынтықы жасалған.

Оқушылар шебердің өмірбаянымен, оның жұмысымен танысты. Естелік суреттер түсірілді.

IMG 1818IMG 1804IMG 1815