Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі-бүгінгі ұлттық ұландар» атты іс-шараға 6679 әскери бөлімнің сарбаздары мен шекара қорғаушылар шебінде жүрген жауынгерлер қатысты. Облыстық ардагерлер ұйымының мүшесі Азат Ілиясұлы, ақын Шолпан Байғалықызы, Облыстық «Сарыарқа газетінің» бас редакторы Нұрбол Жайықбаев ер мінезді азаматтарға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін және өз Отанын сүйетін, елін қорғай білетін азаматтарымыз көп болсын деген игі лебіздерін білдірді. Әсем әуезді әндер орындалып, 6679 бөлімнің сарбаздары өз өлеңдерін тарту етті.

DSC07129DSC07134DSC07132