Типологиялық тиістілігі: қала құрылысы және сәулет
Орналасқан жері: Железинка ауылы, Бабин көшесі, Железин ауданы
Тарихи мәліметтер: И.В. Бабин (1899-1944) – Кеңес Одағының Батыры, 1-ші гвардиялық атты әскер дивизиясының 5-ші гвардиялық Таман Қызыл Ту атты әскер полкінің құрамында ҰОС-ға қатысты. 1944 жылы 13 қыркүйекте Конты поляк ауылының маңында болған шайқастан кейін автоматтан 17 фашистік сарбаз бен 2 офицерді жойды. Шабуыл кезінде И.В. Бабин дзот амбразурасын денесімен жауып тастады. Батыр 1944 жылы 13 қыркүйекте Польшаны азат ету үшін шайқаста қайтыс болды.