Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақсу тарихи-өлкетану музейінің қорынан «Менің отбасымда сақталған құнды зат» атты көрмесі ашылды. Көрмеде 2024 жылғы ENR кампаниясының «TUGAN QALA» әлеуметтік жоба фестивалінің қорытындысы бойынша жиналған 100-ден аса жәдігерлер ұсынылды. Олардың ішіндегі ең құндысы: 1900-ші жылдардағы араб және түрік тілдеріндегі Құран кітаптары, соғыс ардагерлері тапсырған соғыс жылдарындағы заттар; 1948 жылы шыққан Абай өлеңдер жинағы, қолдан жасалған бұйымдары қойылды. Сонымен қатар, Ақсу қаласынан Ахметовтар отбасы өз үйін музейге айналдырған жеке коллекцияларындағы жәдегерлерін көрмеге ұсынып, келушілерді таң қалдырды.




