Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде «Артбюро» көркемсурет өнер мектебінің «Кескіндеме геометриясы» атты көрменің ашылуы өтті. Көрмеде 26 жұмыс ұсынылған. Қатысушылардың жас мөлшері 7-45 жасты құрайды. Ұсынылған жұмыстар сюжеттердің алуан түрлілігімен және түстер палитрасымен ерекшеленеді. М️ектеп оқушылары Жапония, Франция, Чехия, Сербия, Болгария, Иран, Беларусь, Ресейде өткен көптеген халықаралық конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері.




