Облыстық тарихи-өлкетану музейінде геолог-ғалым, Қазақстан және Орта Азия зерттеушісі И.В. Мушкетовтың 175 жылдығына арналған «Геологтардың ізімен: Қазақстан мен Орта Азияны зерттеу» атты тақырыптық кеш өтті. Іс-шара Иван Васильевич Мушкетовтың өмірі мен ғылыми қызметі туралы қызықты дәріспен ашылды. Кәсіби геолог Лепихина Дина Ивановна біздің аймақтағы минералдардың пайда болуы туралы қызықты әңгімелер айтып, сонымен қатар бірнеше үлігілермен бөлісті .
Іс-шара соңында геолог қонақтардың барлық сұрақтарына жауап берді және өз зерттеулерін бастағысы келетіндерге бірнеше практикалық кеңестер берді.
«Геологтардың ізімен: Қазақстан мен Орта Азияны зерттеу» тақырыптық кеші
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина