1954 жылғы 25 желтоқсан - Екібастұздың өмірбаянындағы тарихи күн. Бұл күні экскаватор машинисі Николай Николаевич Колотев алғашқы теміржол құрамын көмірмен тиеді. Екібастұз тарихи – өлкетану музейі көмір кен орнының 70 жылдығына «Кенші – өз елінің батыры» кездесу кешін ұйымдастырды. Шараға көмір саласының ардагерлері мен Екібастұз политехникалық колледж студенттері қатысты. Осындай мерейтойға құттықтауларын Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н.Макраев, Екібастұз қаласының құрметті азаматы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Рамазанов, Екібастұз қаласының құрметті азаматы А.Т. Кузнецова, көмір өнеркәсібінің еңбек ардагері А.Чалбышев, Қазақстанның Еңбек Ері Р.Әміренов, «Екібастұзшахтоқұрылыс» комбинатының ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Шагияхметов жолдады. Іс-шара «Замандастар - Құрдастар», «Барыни Сударыни» вокалдық ансамблі, «С песней по жизни» хорының орындауындағы музыкалық қойылымдармен жалғасты.
«Кенші – өз елінің батыры» кездесу
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина