Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Екібастұз тарихи – өлкетану музейімен энергетиктер күніне орай қалалық Ардагерлер кеңесінде №7 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушыларымен «Энергиямен дос болу» кездесуі ұйымдастырылды. Оқушылар алдында энергетика саласының еңбек сіңірген қызметкерлері: Виктор Васильевич Семёнов, Гульфия Ибрагимовна Ахметова және Сабриден Сейтканович Сейтканов сөз сөйледі. Ардагерлер өздерінің еңбек жолдары туралы естеліктерімен бөлісіп, жастардың болашақта энергетик мамандығын таңдауға кеңес беріп, ерекше үміт күтетіндерін жеткізді. Іс-шараның көркемдік бөлігін «Сударыни-Барыни» ансамблі өздерінің жарқын және әсерлі нөмірлерімен әрледі.

fa6f8cde 3861 4268 9a78 066a20257b21324eccdd 32a8 4948 9361 1e0848e35fa5e54de2cd c1ca 44a3 bb21 da17717f1e77