Ақсу тарихи-өлетану музейде Евразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі, «Бабалар аманаты» жобасының ақсақалдар алқасы, парасатты ұстаз бен кескіндеме өнерінің майталманы Қабылбеков Ақылбек Қабенұлының «Ұлттық мұра» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шарада Ақсу қалалық маслихатының төрағасы М.Қ. Омарғалиев, Павлодар облыстық Аманат партиясы филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушысы А.А. Мұхамедьярова, «НҰР-АНА әлемі» ҚБ төрайымы Р.Х. Сламбекова, Торайғыров университетінің профессоры А.Ф. Зейнуллина, Алғабас ауылының әкімі А.Ж. Рустемов сөз сөйледі. Көрменің салтанатты ашылуына Ақсу қаласының зиялы қауым өкілдері, мәдениет және білім мекемелерінің қызметкерлері, өнер мектебінің шәкірттері қатысты. Ақылбек Қабенұлы музей қорына «Ұлы даланың жеті қыры» мүсінін сыйға тартты.
«Ұлттық мұра» көрмесі
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина