Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Қазақ тілі қоғамы, Ақсу тарихи-өлкетану музейі және С.Дөнентаев мәдениет сарайының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік тұлғасы» атты кездесу кеші ерекше әрі мағыналы болды. Кештің құрметті қонағы, Жүсіпбек Аймауытов атындағы театр актері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан тұлға – Шәнім Бейбіт Кәрімұлына сөз беріліп, сол тарихи сәт туралы естеліктерімен бөлісті. Ол өз сөзінде Желтоқсан оқиғасының жастар үшін маңызды тарихи кезең екенін, қазақ халқының тәуелсіздікке деген ұмтылысын білдіргенін ерекше атап өтті. Бұл кеш тәуелсіздіктің ұлы тұлғаларын ұлықтап, әрбір азаматтың өз елінің болашағына қосқан үлесін бағалауға шақырды.

Тәуелсіздік – халқымыздың ұлы жеңісі, сондықтан әрбір ұрпақтың оны қадірлеп, тарихын ұмытпай, еліміздің болашағына жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Бұл кеште кеш қонақтары мен жастар арасында тәуелсіздік үшін атқарылған күрес пен ерліктің маңыздылығы туралы терең әңгіме өрбіді. Шәнім Бейбіт Кәрімұлының сөздері баршаға үлгі болды, әрі еліміздегі жастардың тәуелсіздікке деген құштарлығын арттыруға себепші болды. Бұл шара арқылы қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі мен сол жолда құрбан болған тұлғалардың есімдері ұлықталды.

WhatsApp Image 2024 12 13 at 13.30.20 1WhatsApp Image 2024 12 13 at 13.30.22WhatsApp Image 2024 12 13 at 13.30.24