Биыл Тәуелсіздік туын көтеріп, іргетасымызды нығайтқанымызға 33 жыл, сонымен қатар Желтоқсан көтерілісіне 38 жыл толып отыр. Бүгін, аталған шараға орай Ы. Алтынсарин атындағы мектептің кітапханасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты патриоттық сағаты өткізілді. Іс-шараға аталған мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара желтоқсан құрбандарын 1 минут үсніздікпен еске алумен басталып, әрі қарай Қазақстан Республикасының Әнұранымен жалғасты. Іс-шара барысында оқушыларға тақырып бойынша мағлұматтар беріліп, слайд, бейне фильм көрсетілді. Оқушылар «Тәуелсіздік», «Желтоқсан алаңы» атты өлең жолдарын оқып, «Мен қазақпын» әнін орындады. Сонымен қатар мектептің кітапхана қорынан шағын кітап көрмесін тамашалады.
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» патриоттық сағаты
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина