Екібастұз тарихи-өлкетану музейімен Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұлованың 100 жылдығына «Әлия – қазақ елінің батыр қызы» еске алу кеш өткізілді. №7 мектеп гимназиясының 10 «а» және 10 «б» сынып оқушылары батыр мерген қыздың өмірбаянымен танысып, Әлия туралы деректі фильм талқыланды. Сондай-ақ Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның орындауындағы аңызға айналған «Әлия» әнін тыңдады.




