Павлодар облысының тарихи-өлкетану музейінде жазушы-этнограф А.Е. Новоселовтың 140 жылдығына арналған өлкетану сабағы өтті. Іс-шараның мақсаты – А.Е. Новоселовтың шығармашылығы туралы білімді кеңейту болды. Бүгін біз Ұлы этнограф пен жазушының есімін еске алып қана қоймай, тарихымыз бен мәдениетімізді зерттеу мен сақтаудың маңыздылығы туралы ойланамыз. А. Е. Новоселовтың мұрасы бүгінгі күні де өзекті болып қала береді, халықтық дәстүрлерді сақтау, оларды болашақ ұрпаққа беру қаншалықты маңызды екенін еске салады. Іс-шара барысында колледж студенттері жазушының шығармаларымен және этнографиялық жұмыстарымен танысып, оның ісін осы күндері қалай жалғастыруға болатындығы туралы ойланды.
Жазушы-этнограф А.Е. Новоселовтың 140 жылдығына арналған өлкетану сабағы
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина