Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Екібастұз қаласының құрметті азаматы Жұмағали Қоғабайдың 75 жылдығына арналған «Жаңбырлы күн» бенефисі өткізілді. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9 сынып оқушылары таңғажайып ақынмен кездесті. Ақын өз шығармаларын таныстырып, өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Жұмағали Бижанұлының өлеңдерін тыңдап, көптеген сұрақтар қойылды. Кеш қызықты, танымдық, ашық және шабытты өтті.




