Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Бүгін «Ertis» музейінде Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының суретшілері мен қолөнершілерінің көрме-жәрменкесі ашылды. Көрме-жәрмеңкенің негізгі мақсаты он саусағынан өнер тамған, бесаспап шеберлерді, олардың қолынан шыққан бұйымдарды және қылқалам шеберлерінің туындыларын көпшілікке таныстыру, осы арқылы ұлттық дәстүрлі бейнелеу және қолөнерімізді, салт-дәстүрімізді насихаттау, дәстүрлі бейнелеумен қолөнерді дамыту мен жандандыруды ұрпақ санасына сіңіру. Көрме-жәрменкеде Маңғыстаудың брендіне айналған туындыларды, заманауи үлгідегі ұлттық киімдерді тамашалап қана қоймай, сатып алуға да болады.

Көрме «Ертіс» музейінде, Есенәлиев 2 үй 31 қазан 1 қараша күндері аралығында сағат 11.00-18.00 дейін жүмыс істейді.

WhatsApp Image 2024 10 31 at 17.14.13WhatsApp Image 2024 10 31 at 17.14.14WhatsApp Image 2024 10 31 at 17.14.13 4